+7 (727) 267-28-83

адалдык аланы

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдары мен мұражайлар, кітапханалар, мәдениет және өнер саласында "Мәдениет және спорт министрлігі - Адалдық алаңы" жобалық кеңсесін ұйымдастыру мәселелері бойынша онлайн форматта отырыс өтті.

Толығырақ...  

бабалар аманаты

3 желтоқсанда ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында «Рухани жаңғыру» аясында өткен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығымен Әл Фараби бабамыздың 1150 жылдығына орай, Республикамыздың барлық аймақтарында көркем еңбек пәнінінен сабақ беретін ұстаздардың туындыларынан құралған «БАБАЛАР АМАНАТЫ» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.

Толығырақ...  

желтоксан

ҚР Ұлттық кітапханасы 1 - желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Елбасы қоры экспонаттарының виртуалды көрмесін назарларыңызға ұсынады.

Толығырақ...  

архив

16-27 қараша аралығында «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының мемлекеттік архиві» КММ мамандары Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектебінде тағылымдамадан өтті.

Толығырақ...  

таиржароков

ҚР Ұлттық кітапханасының күйтабақтар қорынан «Дара тұлғалар дауысы» жобасы аясында аудиотрансляцияны назарларыңызға ұсынамыз.

Жароков Т. «Төгілді дән маржаны»

Оқыған: Таир Жароков

(күйт., Ташкент : Мелодия, 1961)

Толығырақ...  

26 3 мир

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Қазақстандың Кітапханалық Одақ жанындағы Виртуалды кітапханалық мектеп қызметінің аясында 2020 жылғы 26 қазан - 3 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының мамандарына кәсіби біліктілікті арттыру курсын жүргізді.

Толығырақ...  

выез

27 қараша күні Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің ғимаратында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған 87-ші концерттік маусымның ашылуына орай және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік концертте көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырды.

Толығырақ...  

китап

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы «Қалпына келтірудің негізгі бағыттары» және «Кітапхана құжаттарын консервациялау» атты қазақ тіліндегі әдістемелік ұсынымдарды шығарды.

Толығырақ...