+7 (727) 267-28-83

2011

Парсы тіліндегі кітаптардың каталогы / Құраст. Ғ.Қамбарбекова; Жауапты ред. Ә.Қ.Муминов; Библиографиясын қараған ред. Н.М.Асқарбекова.- Алматы: «Полиграфкомбинат» ЖШС-і, 2011.- 192 б. + 16 б. сур.

Каталогта Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорында сақтаулы литографиядан және типографиядан 1815-1959 жж. жарық көрген парсы тіліндегі баспа кітаптары енген. Бұл библиографиялық көрсеткіште кітаптар мынадай ғылым салалары бойынша жүйеленіп орналастырылған: Тарих; География; Ислам; Христиан діні; Басқа діндер; Философия; Медицина; Саясат; Заң; Филология. Грамматика; Иран әдебиеті бойынша зерттеу жұмыстары; Көркем әдебиет және т.б. Каталог анықтамалық-көмекші құралдармен қамтамасыз етілген: есімдер көрсеткіші, шығармалар көрсеткіші, баспалар және қысқаша терминдер сөздігі. Басылым ирантанушыларға, парсы тіліндегі сирек кездесетін кітаптардың тарихын зерттеуші ғалымдарға және осы тақырып қызықтыратын жалпы оқырман қауымға арналған.

Асқарбекова Н.М., Замзаева Т.А. Латын графикасымен басылған қазақ кітаптарының каталогы. II-бөлім: Медицина; Ауыл шаруашылығы; Техника; Өнеркәсіп; Өнер. Спорт; Әдебиет; Тарих; География.- Алматы: «Полиграфкомбинат» ЖШС-і, 2011.- 200 б.

Каталог Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының кітап қорларын сипаттауға арналған серияның жалғасы болып табылады және ол қазақ жазу мәдениетінің сабақтастығын көрсетеді. Бұл библиографиялық көрсеткіште кітаптар кітаптар хронологиялық тәртіппен орналастырылған. Басылым шығыстанушы ғалымдарға, қазақ кітабы тарихын зерттеушілерге және осы тақырып қызықтыратын оқырман қауымға арналған.

2008

2007

2006

2003

2000

1998

1981