+7 (727) 267-28-83

Өтеген Күмісбаев = Утеген Кумисбаев: Библиогр. көрсеткіш /ҚР Ұлттық к-сы; Құраст.: М.К.Әбілова, А.Н.Нұрсейітова; Ред. О.Д.Құспанова.- Алматы, 2009.- 107 б.- Қазақ, орыс т-де.

Көрсеткіш белгілі ақын, танымал шығыстанушы ғалым, профессор, шығыс ақындары шығармаларының аудармашысы, филология ғылымдарының докторы Өтеген Күмісбайұлы Күмісбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған. Көрсеткішке 1959 жылдан 2009 жылдың наурыз айына дейін жарияланған мәліметтер енгізілген. Ғылыми қызметкерлерге, мамандарға, жазушының еңбектерін зерттеушілерге, кітапханашыларға, мәдениет қызметкерлеріне, студенттерге және көпшілік оқырман қауымға арналған.

Кенен Әзірбаев (1884-1976): Ұсыныстық библиогр. көрсеткіш = Кенен Азербаев (1884-1976): Реком. библиогр. указ. /ҚР ҰК; Құраст.: Ш.Б.Үсен-баева, А.Б.Рақышева; Ред. О.Д.Құспанова, А.Н.Нұрсейітова.- Алматы, 2009.- 116 б.- Қазақ, орыс т-де.- («Қазақстан өнері» сер.).

Көрсеткіш әнші, халық сазгері, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Кенен Әзірбаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған. Көрсеткіште 1937 жылдан 2009 жылдың сәуір айына дейінгі баспа беттерінде жарық көрген басылымдар қамтылды. Ғылым және мәдениет қызметкерлеріне, студенттерге, өнер сүйер қауымға, халық ақынының өмірі мен өнер жолымен жақынырақ танысқысы келетін жалпы көпшілікке арналған.

Әшірбек Сығай: Библиогр. көрсеткіш /ҚР ҰК; Құраст. А.Н.Нұрсейітова; Ред. О.Д.Құспанова.- Алматы, 2009.- 78 б.

Көрсеткіш көрнекті театр зерттеушісі, сыншы, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор Әшірбек Төребайұлы Сығайдың өмірі мен шығармашылығына арналған. Көрсеткішке 1969 жылдан 2009 жылдың наурыз айына дейінгі кезеңде баспа бетінде жарық көрген мәліметтер енгізілген. Көрсеткіш өнер және театр мамандарына, көпшілік өнер сүйер оқырман қауымға арналған.

Дүкенбай Досжан = Дукенбай Досжан: Библиогр. көрсеткіш /ҚР ҰК; Құраст.: М.Әбілова, А.Н.Нұрсейітова; Ред. О.Д.Құспанова.- Алматы, 2009.- 113 б.

Көрсеткіш көрнекті жазушы Дүкенбай Досжанның өмірі мен шығармашылығына арналған. Көрсеткішке 1959 жылдан 2009 жылдың наурыз айына дейін баспа бетінде жарық көрген мәліметтер енгізілген. Көрсеткіш ғылыми қызметкерлерге, әдебиеттанушы мамандарға, жазушының еңбектерін зерттеушілерге, кітапханашыларға, мәдениет қызметкерлеріне, студенттерге және жалпы оқырман қауымға арналған.

Саудабаев Қанат: Библиогр. көрсеткіш = Саудабаев Канат: Библиогр. указ. /ҚР Ұлттық кітапханасы; Құраст. Ә.Ш.Сәйдембаева; Ред. А.Б.Рақыше-ва.- Алматы, 2009.- 68 б.- Қаз., орыс т-де.

Көрсеткіш мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Бекмырзаұлы Саудабаевтың өмірі мен қызметіне арналған. Көрсеткішке 1968 жылдан 2009 жылдың маусым айына дейінгі кезеңде баспа бетінде жарық көрген мәліметтер енгізілген. Жалпы оқырман қауымға, саясаткерлерге, тарихшылар мен зерттеушілерге, еліміздің тұрақтануы мен дамуы мәселесімен айналысатын мамандарға арналған.