+7 (727) 267-28-83

Шәмші Қалдаяқов (1930-1992): ұсыныстық библиографиялық көрсеткіш = Шамши Калдаяков (1930-1992): рекомендательный библиографический указатель /ҚР ҰК; құрастырғандар: Ә.Ш.Сәйдембаева, Ш.Б.Үсенбаева; редакторы А.Н.Нұрсейітова.- Алматы, 2010.- 164 б.- Қазақ, орыс т-де.- («Қазақстан өнері» сериясы).

Көрсеткіш сазгер, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың 80 жылдық мерейтойына арналған. Көрсеткіште 1958 жылдан 2010 жылдың шілде айына дейінгі баспа беттерінде жарық көрген басылымдар қамтылды. Ғылым және мәдениет қызметкерлеріне, студенттерге, өнер сүйер қауымға, сазгердің өмірі мен өнер жолымен жақынырақ танысқысы келетіндерге арналған.

Мұхамеджан Қаратаев = Мухамеджан Каратаев: библиографиялық көрсеткіш /ҚР Ұлттық к-сы; құрастырған Р.М.Әбішева; редакторы А.Б.Рақышева.- Алматы, 2010.- 209.- Қазақ, орыс т-де.

Көрсеткіш жазушы, әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың және Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері М. Қаратаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған. Мұнда қазақ және орыс тілдерінде 1959 жылдан 2010 жылдың маусым айына дейін жарияланған материалдар қамтылған. Әдебиеттанушыларға, ғылыми қызметкерлерге, сыншының еңбектерін зерттеушілерге, кітапханашыларға, мәдениет қызметкерлеріне, студенттерге және оқырман қауымға арналған.