«Өнер» бөлімінің оқу залында күйші-домбырашы Бақыт Тоқсанбайқызы Қарабалинаның (1939-1990) 70 жылдығына арналған «Үздік домбырашы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
«Өнер» бөлімінің оқу залында күйші-домбырашы Бақыт Тоқсанбайқызы Қарабалинаның (1939-1990) 70 жылдығына арналған «Үздік домбырашы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Бақыт Тоқсанбайқызы Қарабалина 1939 жылы 1 маусымда Атырау облысы Құрманғазы ауданында дүниеге келген.
Жастайынан күй тартып, ел арасына танылған. 1965 жылы Алматы консерваториясын бітірген. 1960 жылдан Қазақ халық аспаптар оркестрінің жеке орындаушы-домбырашысы. 1965 жылдан Алматы консерваториясында ұстаздық қызмет етті. Репертуарында халық композиторлары шығармалары мен шет ел композиторларының туындылары болды. Монғолияда (1966), Болгарияда (1967), Венгрияда (1968), Францияда (1972), Польшада (1973) концерттік сапарларда болып, қазақ өнерін насихаттады. Б.Т.Қарабалина Дина Нүрпейісова туралы «Қайран шешем» телефильмде Дина ролін ойнады.
Қазақтың ұлы композиторлары: Құрманғазы, Сейтек, Дәулеткерей, Мамен, Казанғап сондай-ақ орыс және шетел композиторларының шығармаларын домбырамен орындады.
Бақыт Қарабалинаның орындауындағы күйлер ерекше сезімімен және тереңдігімен ерекшеленеді.
«Құрмет Белгісі» орденімен наградталған.
Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының күйтабақтар, кітаптар және мерзімді басылымдар қорынан Бақыт Қарабалинаның өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған.
Кітап көрмесіне келіңіздер!