+7 (727) 267-28-83

  2011 жылы 16 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Еуразия кітапханаларының жаңа форматы. Ақпараттық жүйелер және технологиялар» тақырыбында Халықаралық конференция аясында Еуразия Кітапханалары Қауымдастығы мүшелерінің жалпы XIII-жиналысы өткізіліп, 2008-2011 жылдардың қорытындысы шығарылды және ЕКҚ-ның стратегиясы мен басымдықтары айқындалды. Сонымен бiрге, 2012-2015 жылдарға ЕКҚ Президенті және вице-президенттері сайланды. ЕКҚ Президенті болып  Ресей мемлекеттік кітапханасының Бас директоры А.И.Вислый,  вице-президенттері – Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының бас директоры Г.Қ.Балабекова және Беларусь Ұлттық кітапханасының бас директоры Р.С.Мотульский сайланды.