+7 (727) 267-28-83

   ҚР Ұлттық кітапханасы 1993 жылдан «Еуразия кітапханалар ассамблеясы» (ЕКА) Коммерциялық емес Серіктестігіне мүше. 2001 жылы Мәскеу қаласында Ресей Мемлекеттік Кітапханасында өткен ЕКА-ның Тоғызыншы сессиясында ЕКА-ның алғашқы Президенті болып Р.А.Бердіғалиева (ҚР Ұлттық кітапханасының 1987-2003 жылдардағы Бас директоры) сайланды.

   2003 жылы 10 сәуірде Ресей Мемлекеттік кітапханасында Еуразиялық Кітапханалар Ассамблеясының Үйлестіру Бюросының отырысы болып, онда Ассамблеяның ұйымдастырушылық-құқықтық негізін өзгерту және оны ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жаңа заңнамасына сәйкестендіру туралы шешім қабылданды.

  Құрылтай жиналысында бірауыздан Жарғының жобасы қабылданды және «Еуразия  Кітапханалар Ассамблеясы» коммерциялық емес серіктестік (КС) құру туралы шешім бекітілді (2003 жылға дейін ЕКА Халықаралық қоғамдық бірлестіктер одағы болып келді).

   «ЕКА КС» құрылтайшылары ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ұлттық кітапханалары: Ресей мемлекеттік кітапханасы, Ресей ұлттық кітапханасы, Беларусь  ұлттық кітапханасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Қырғызстан Республикасының ұлттық кітапханасы, В.И.Вернадский атындағы Украина ұлттық кітапханасы, М.Ф.Ахундов атындағы Әзірбайжан ұлттық кітапханасы, Молдова Республикасының ұлттық кітапханасы.

   2011

   2013

   2015

  Толығырақ ақпаратты  http://bae.rsl.ru/ сайтынан қарауға болады

Сайтта

Қазір сайтта 562 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.