+7 (727) 267-28-83

Ресей-Қазақстан: «Шекарадағы кездесулер» жобасы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының осыдан 5 жыл бұрынғы  бастамасы.  Бұл бастаманы Ресей Федерациясының Мәдениет миинстрлігі, Ресей мемлекеттік кітапханасы және ЮНЕСКО-ның «Ақпарат баршаға» бағдарламасының Ресейлік комитеті қолдады.

Жоба аясында Интернет желісіне енгізілген Ресей және Қазақстан байланыстары туралы электрондық кітапханалар құрылуда. Жоба аясының жылдан-жылға кеңеюі нәтижесінде «Ұлы Жібек жолындағы Керуен-сарай»  атауымен көпжақты жобаға айналуда. Бұл ақпараттық магистральдің байланыстырушы буыны «Мәскеу-Алматы-Дели» болып табылатын «Еуропа-Азия» кітапханалық ендік белдеуі аясындағы ынтымақтастық шеңберінің кеңейгенін көрсетеді.

Алматы қаласында «Қазақстан–Ресей: мәдениеттер диалогы» тақырыбында өтетін семинар-кеңес «Ұлы Жібек жолындағы Керуен-сарай» жобасын жүзеге асыру барысындағы  алғашқы қадам  болып табылады.

Семинарға Үндістан, Ресей, РФ Алтай Республикасы (Қошағаш қ.) кітапханаларының өкілдері, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан мемлекеттері  Ұлттық кітапханаларының директорлары қатысып, жоба идеясын және оны жүзеге асыру жолдарын талқылайды.

Бағдарламада электрондық кітапханалардың, корпоративтік сайттардың,  Интернет-жобалардың тұсаукесерлері, Еуразия Кітапханалары Ассоциациясына мүше кітапханалар ынтымақтастығының жоспары, Үндістанның  «DELNET» Қорды бөліп отыратын кітапханалық жүйені дамыту орталығы мамандарының шеберлік сабақтары енгізілген.  

Семинар кеңес Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Гуманитарлық сала бойынша ынтымақтастығының  2006-жылғы бағдарламасына сәйкес 22-23 желтоқсан күндері өтеді. Аталған шара «Абай және Пушкин» атты таңдамалы материалдардың СD-RОМ-ға жазылған жинағын шығаруға, «Шекарадағы кездесулер» электрондық кітапханалардың типтік сайтының құрастырылуына арқау болды.

Семинар кеңеске қатысушылар назарына «Шекарадағы кездесулер» ресей - қазақстандық жобаның даму кезеңдерін  қамтитын, Абай мен Пушкин, Навои мен Фирдоуси, «Махабхарата», «Манас» және т.б. тәрізді мәдениеттің жарқын бейнелері мен құндылықтарын айқындайтын «Ойкумена духовности»  тақырыбына безендірілген кітап көрмесі ұсынылады. 

 Байланыс телефондар: 267-28-73, 272-57-09