+7 (727) 267-28-83

   Украина Президентінің Жарлығымен 2014 жыл Тарас ШЕВЧЕНКО жылы болып жарияланды. Украина Ұлттық парламенттік кітапханасы украиндық ұлы жазушы және суретшінің шығармашылық мұрасын әйгілендіру мақсатында «Шевченкиана» Ұлттық электрондық ресурсын құру жобасы және осы жоба  аясында «Твой Шевченко» электрондық  кітапхана қызметін ұсыну туралы бастама көтерді.

   Ресурс  құрылымы  төмендегі электрондық жинамаларды қамтиды:
   -  «Т.Г.Шевченконың шығармалары» 
   -  «Т.Г.Шевченконың өмірі мен шығармашылығы туралы құжаттар» 
   -  «Т.Г.Шевченконың өмірі мен қызметі және оның есімімен байланысты   орындар» 
   -  «Т.Г. Шевченко туралы құжаттар, хаттар, естеліктер» 
   -  «Шевченколық шығармашылық образдар, тақырыптар» 
   -  «Мақалалар»

   Т.Г.Шевченко өмірінің ең маңызды кезеңі қазақ жерiмен тығыз байланысты: оның көркем шығармаларында, кескіндемелерінде қазақ халқының салт-дәстүрлері көркемділікпен суреттелген.

   Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Украина Ұлттық  парламенттік кітапханасымен ынтымақтастық туралы Келісім  аясында «Шевченкиана» Ұлттық электрондық ресурсына орналастыру үшін өз қорынан   сандық  материалдарды ұсынды.

   Барынша толық ақпарат … http://elib.nplu.org/uchasnyky.html?parthner_id=58

   Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы «Твой Шевченко» электрондық кітапханасына материалдарды іздестіру және толықтыру бойынша  жұмыстарын  жалғастыруда.