+7 (727) 267-28-83

    «Золотая коллекция Евразии»  жобасы – ТМД елдері халықтарының  мәдени ерекешелігін көрсететін, ең  көрнекті және құнды басылымдардың сандық топтамасын құру жөніндегі жоба. Жоба – Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа қатысушы – мемлекеттермен келісіліп жүзеге асырылатын жобалар және әлеуметтік-гуманитарлық сала бағдарламаларын үйлестіру мақсатындағы әлеуметтік саяси тұжырымдаманың бөлігі болып табылады.  «Золотая коллекция Евразии» жобасын   құру – бұл жобаға қатысушы ТМД мемлекеттерінің ұлттық мәдениетін жақындастыруға және халықтардың әлеуметтік ықпалдасуына жасалған кезекті  қадам.

   Жобаның мақсаты – ТМД елдері халықтарының  мәдени ерекешелігін, тари-хи тамырын, рухани байланыстарын, ТМД халықтарының өзара әрекеттес-тігін ашып көрсететін ең көрнекті және құнды басылдымдардың сандық топтамасын құру.

   Жобаның міндеттері – ТМД елдері халықтарының ұлттық тарихи мұрасын сақтау үшін ақпараттық негіз құру, ТМД-ға қатысушы – мемлекет-тер  территориясында бірегей ақпараттық кеңістік құруға қатысу, қатысушы –  мемелекеттердің мәдениетін, білімін және ғылымын дамытуға ықпал ету, баспа өнерінің сирек басылымдары туралы білімді тарату, қоғамның шығар-машылық және рухани, мәдени дамуына, жобаға қатысушы  – ұйымдар мен кітапханалар арасындағы өзара байланысты, ынтымақтастықты нығайтуға және оны тереңдетуге, ТМД кітапханаларының электронды топтамаларына көпшіліктің назарын аудартуға ықпал ету.

   Негізгі ұстанымдары – ТМД мемлекеттерінің барлық азаматтары үшін, сондай-ақ әлемнің барлық азаматтары үшін ақпаратқа ашық қолжетімділік, жобаға қатысушы – елдер халықтарының ұлттық мәдениетін теңдей іріктеу және ұсыну, мән-мәтіндегі  көптілділік қағидасын ұстану.

   Жобаны үйлестірушілер: ТМД қатысушы – мемлекеттердің кітапхана ісі саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастырушы базалық ұйым – Ресей мемлекеттік кітапханасы. Еуразиялық  Кітапханалық Ассамблеясының дирекциясы және оның мүшелері.

   ЕКА-ның «Еуразияның алтын топтамасы» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық кiтапханасының қорынан толықмәтінді құжаттар ұсынылып отыр: «Мәдениет» бөлiмінде «Латын тiлiндегі әлiппе» 1934 ж., «Нұрбатыр» өлендер кітабы 1897 ж. және «Халық мектебi» бірактілі пьесасы 1926 ж.; «Тарих» бөлiмінде «Түркiстан аймағына қоныстанушылардың жер мәселесі» 1923 ж. құжаты ұсынылды.

http://bae.rsl.ru/programs/golden-collection