+7 (727) 267-28-83

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Кітапханааралық  абонемент және құжаттарды жеткізудің ұлттық орталығы қызметін атқарады. 

   ТМД-ға қатысушы – мемлекеттердің Экономикалық кеңесінің 2005 жыл-ғы 11 наурыздағы шешімімен (Мәскеу қ.) 1998 жылғы 11 қыркүйекте ТМД-ға қатысушы – мемлекеттердің ашық ғылыми-техникалық ақпараттарына еркін қолжетімділік және осы ақпараттармен алмасу тәртібі туралы Келісім негізінде құрылған Кітапханааралық абонемент және құжаттарды жеткізу жүйесі туралы Ереже және 1999 жылғы 13 қаңтардағы ТМД-ға қатысушы – мемлекеттердің Кітапханааралық абонемент жүйесін құру туралы Келісім қабылданды.

   Кітапханааралық абонемент және құжаттарды жеткізу жүйесі – жүйе құрамына кіретін кітапханалар мен ақпарат ұйымдарының кітапханалары қорында сақтаулы құжаттарды кедергісіз ұсыну және  алуды қамтамасыз ету, олардың ғылыми, техникалық және мәдени әлеуетін дамыту  мақсатында құрылды.

   ҚР Ұлттық кітапханасының  Кітапханааралық абонемент бойынша  көрсетілетін дәстүрлі қызметі  1999 жылдан бүгінгі күнге дейін пошталық жөнелту қызметінің қаржыландырылмауына байланысты тоқтатылған.

   Құжаттарды электронды жеткізу бойынша тапсырыстар кітапхана сайтындағы www.nlrk.kz  модулі және Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.. электронды поштасы арқылы қабылданады. Тапсырыстардың орындалуы  ақылы. Төлемді жүзеге асыру жолдары: ТМД елдері кітапханалары үшін – Келісімшарт жасасу, ал жеке тұлғалар үшін– банктік ақша аударымы.