+7 (727) 267-28-83

 Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы және Чехия Республикасының Ұлттық кітапханасы  арасындағы өзара ынтымақтастық туралы 2006 жылы қол қойылған Келісім аясында ҚР Ұлттық кітапханасы «Манускрипториум – қолжазбалар және басқа да сирек басылымдардың сандық еуропалық кітапханасы» бағдарламасына қатысып отыр.

2010 жылы қаңтар айында  http://www.manuscriptorium.eu  порталында Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорындағы құнды құжаттарының толық мәтіндері берілген. Олар: «Ер Тарғын» (Қазан, 1862 ж., қаз. тілінде), «Қыз Жібек» (Қазан, 1899 ж., қаз. тілінде) кітаптары, «Қазақ» газеті (1913, №№1-10., қаз. тілінде)  алғашқы қазақ басылымдарының сандық нұсқасы және Низами Ганджавидің «Семь портретов» дастанының (1052 хижра жылы, парсы тілінде) қолжазбасы және «Трактат о мстическом пути» трактаты (жылы белгісіз, парсы тілінде). Құжаттардың толық библио-графиялық сипаттамасы және олардың мәдени-тарихи маңызы туралы қысқаша мәліметтер ағылшын тілінде берілген. Жазба мұралардың қысқаша тарихи және көркемдік маңызын ашатын сипаттама қазақ халқының рухани даму көзқарасы, ұлттық мәдениеттің қалыптасу ерекшелігі тұрғысынан көрсетілсе, сондай-ақ, Шығыс халықтарының мәдени тұрғыдағы өзара ықпалдастығын және өзара баюын баяндайтын көршілес мемлекеттердің мұрасы  ұсынылған.