+7 (727) 267-28-83

   Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы Еуразиялық Кітапханалық Ассамблея мүшесі болып табылады және «Купола содружества: библиотеки» мега-жобасына қатысады.

    Ресей мемлекеттік кітапханасының бастамасымен «Купола содружества: библиотеки» Мемлекетаралық жобасының тұжырымдамасы  –  2007 жылы 20 қыркүйекте Минскі қаласында  өткен ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің Мәдени  ынтымақтастық жөніндегі Кеңесінің ХХІІ мәжілісі шешімімен  мәдени саясат жөніндегі жұмысшы тобының  екінші отырысында қаралып, мақұлданды.

     Жобаның мақсаты – ғылым, білім және мәдениет саласында бірегей ақпараттық кеңістік құрудағы ынтымақтастық үдерістеріне және ұлтаралық  мәдениетті байытуға ықпал ету. «Купола содружества: библиотеки» жобасын жүзеге асыру ақпараттық тоғысу және ТМД елдерінің тілдік және мәдени әртүрлілігі жағдайында пайдаланушылардың барлық категориясының ақпаратқа қолжетімділігі қағидаларына негізделеді.

   2005 жылы ҚР Ұлттық кітапханасының Диссертация бөлімінің оқу залында Ресей мемлекеттік кітапханасының Диссертациялық электронды кітапханасына қолжетімділік ұйымдастырылды. Кітапхана оқырмандары Ресей мемлекеттік кітапханасының Диссертациялық электронды кітапханасынан мәдениетті, ғылымды және білімді дамытуға қосқан шын мәніндегі үлес болып табылатын   ағымдағы және ретроспективтік кандидаттық, докторлық диссертациялардың және авторефераттардың  толық мәтіндерін қашықтан пайдалана алады.

    2006 жылы ҚР Ұлттық кітапханасының Әлем әдебиеті қызметінің оқу залында Қазақстан және Ресей халықтары арасындағы достықты нығайту және өзара түсіністікті тереңдету, екі елдің мәдени байланыстарын дамыту жолындағы өзара күш-жігерді үйлестіру бағытында Ресей Федерациясының Мәдениет пен кинематография жөніндегі Федералдық агенттігі және Ресейдің тұңғыш президенті Б.Н. Ельцин қорының демеушілігімен Ресей мәдениетінің орталығы ашылды. Орталықтың қызметі Ресей, оны  қоныстанушы халықтар, заңнамалары, мемлекеттік құрылымы, тарихы, мәдениеті және т.б. туралы ақпарттарды ұсынуға бағытталған. 2006-2012 жылдары Алматы қаласындағы Ресей Федерациясы Бас консулдығының ықпалымен қор жаңа басылымдармен толықтырылды. 2012 жылы славян мәдениетінің айлығы өтті.