+7 (727) 267-28-83

   Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы халықаралық  корпоративтік өзара әрекеттестік шеңберінде OCLC (OnlineComputer Library Center) ынтымақтастық орнатып, 2011 жылдың қарашасынан бастап OCLC-ге мүшесі ретінде тіркелді. Онлайндық компьютерлік кітапханалық орталық – бұл барлық типтегі кітапханаларға қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйым. Ынтымақтастықтың мақсаты – каталогтау үдерісін жеңілдету, жазбалармен алмасу, сандық түрге көшіру, ақпараттық ресурстарды бірлесе пайдалану және құжаттарды жеткізу.

   OCLC-ге мүше кітапханалар көптеген қызметтердің негізі болып табылатын WorldCat – Интерактивті Бірлескен Каталог құрып, оны қолдап отырады. WorldCat – түріне, уақытына немесе тілдік ерекшеліктеріне шектеулер қойылмайтын ақпараттар жинақталатын ең ірі онлайндық библиографиялық ресурс.

   2011 жылы 14 наурызда ҚР Ұлттық кітапханасы OCLC (Онлайн компьютерлік кітапханалық орталығы) орталығымен бірлесіп ұлттық, республикалық, облыстық, қалалық кітапханалар, ҚР Ұлттық кітап палатасының өкілдері қатысқан ақпараттық семинар өткізді. Семинарды ҚР Ұлттық кітапханасының Бас директоры Г.Қ.Балабекова кіріспе сөзбен ашты. OCLC өкілдері – OCLC атқарушы директоры, доктор Рейн ван Чарлдорп және WorldCat маманы, аймақтық менеджер Вивиен Кук OCLC қызметі және әлемдік каталог  WorldCat, OCLC өнімдері, соның ішінде WorldCat - ең ірі онлайндық библиографиялық ресурстар туралы тұсаукесерлер өткізе отырып, өзара ынтымақтастық  нәтижесінде қол жеткізетін басымдықтармен таныстырды.

   Бүгінгі таңда ҚР Ұлттық кітапханасындағы библиографиялық жазбаларды ұсыну жөнінде жұмыстар жүргізілуде. ҚР Ұлттық кітапханасының мамандары бұндай ынтымақтастықтың басты мақсаты WorldCat әлемдік каталогына Қазақстанның өзіндік ақпаратттық ресурстарын лайықты ұсыну, әлемдік ақпараттық кеңістікке  тоғысу мүмкіндігі деп біледі. Ақпаратты бірегей сақтау қоймасы әртүрлі форматтағы кітаби басылымдардың, электронды кітаптардың, мерзімді басылымдардың, дыбыстық жазбалардың, партитуралардың, картографиялық басылымдардың, көріністік материалдардың, компьютерлік файлдардың дайын библиографиялық сипаттамаларын қамтиды. WorldCat-тағы стандартты библиографиялық жазбаларда құжаттың библиографиялық сипаттамасы және осы құжат тиесілі болып табылатын ұйымның тізімі көрсетіледі. OCLC-ге мүше-кітапханалар жазбаларды желілік каталог құруға, сондай-ақ кітапханалық абонемент жүйесін ұйымдастыруға, анықтамалық қызмет жүргізуге пайдалану арқылы осы жазбалармен алмасып отырады. Жазбалар WorldCat библиографиялық дерек банкіне енгізілгеннен кейін ақпарат іздеудің танымал сайттарында, OCLC серіктестерінің сайттарында, сондай-ақ www.worldcat.orgқолжетімді болады.