Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры кеңесінің өкілі Нури Аксу ресми сапармен келді. Кездесу барысында тараптар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылады.
Негізгі тақырыптардың бірі — Ұлттық кітапхананың 115 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылатын халықаралық іс-шаралар болды. Осыған орай кітапхана реставрация саласына арналған арнайы бағдарлама ұсынды. Жоба аясында Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа да түркі елдерінен 8 кәсіби реставратор шақырылып, сирек кітаптар мен қолжазбаларды қалпына келтіруге арналған практикалық шеберлік сабақтар өткізу көзделіп отыр.
Сонымен қатар, кездесуде түркі мемлекеттерінің кітапханалық стандарттарын үндестіру және осы тақырыпта халықаралық конференция өткізу ұсынылды. Мұндай шаралар сала мамандары арасындағы кәсіби байланысты нығайтып, ортақ жобаларға жол ашуы тиіс.
Кездесу соңында тараптар ұсынған бастамаларды іске асыру үшін бірлескен жұмыс жоспарын әзірлеуге келісті.
![]() |
![]() |
![]() |