30 маусымда Қытай Халық Республикасының Гуандун провинциясының өкілдері Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасымен танысты.
Делегация құрамында: Қытай Коммунистік партиясы Гуандун провинциялық комитетінің Үгіт бөлімі басшысының орынбасары Чэнь Сяоцян; Мемлекеттік мәдени активтерді қадағалау басқармасының директоры, ҚКП Гуандун провинциялық комитетінің үгіт бөлімің директоры Ли Баохэн; Гуандун баспа тобының бас директоры Чэнь Юймин; Southern publishing and Media Co., Ltd. Компаниясының қаржы директоры Цуй Сун; Southern Media бас директорының орынбасары, Гуандун білім басқармасының президенті Чжу Вэньцин; Гуандун ғылым және технология баспасының бас директоры Цзэн Чао.
Қонақтарға Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы және оның құрылымдық бөлімдері, соның ішінде Қытай бұрышы және т.б. таныстырылды. Сондай-ақ, олар цифрлық трансформация, заманауи кітап өнімдерімен қамтамасыз ету және кітапхана инфрақұрылымын модернизациялау бағытында қолдау көрсетуге дайын екендерін білдірді.
Кездесу соңында екі тарап сый-сияпаттармен алмасты, әрі алдағы уақытта мәдени және кәсіби байланыстарды одан әрі нығайтуға ниетті екендерін растады.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |