+7 (727) 267-28-83

Домбыра күні

ҚР Ұлттық кітапханасының Өнер бөлімінің оқу залында Ұлттық домбыра күніне орай «Ұлт үні – домбыра сыры» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты – домбыра аспабы және күйшілердің мұрасын насихаттап, жас ұрпақтың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру.

Домбыра – ұлттық кодымыздың айнымас бір  бөлігі. Ұлттық домбыра күні – қазақ халқының төл аспабына, ұлттық күй өнеріне, жалпы музыка мәдениетіне құрмет көрсету мақсатында атап өтіледі. Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей сынды бабаларымыздан мирас болып қалған күй өнерін жандандыруда бұл күннің алар орны ерекше.

Көрме екі бөлімнен тұрады. «Ұлы мұра – домбыра» атты бірінші бөлімде домбыра өнері, тарихы жайлы энциклопедиялар, әдебиеттер ұсынылған. «Домбыра үні – ұлттың үні» деп аталатын екінші бөлімде домбыраға арналған күйлердің ноталары, белгілі қазақ күйшілері туралы әдебиеттер мен домбыра үйрету сабақтары қамтылған.