+7 (727) 267-28-83

Байғанин

«Қазақстан кітаптары» қызметінің О. Жандосов атындағы оқу залында Қазақ  КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, халық эпосының жыршысы, ақын, жырау Нұрпейіс Байғаниннің туғанына 165 жыл толуына орай «Жыр алыбы – Нұрпейіс Байғанин» атты кітап көрмесі қойылды.

Нұрпейіс Байғанин 1860 жылдың 20 маусымында Ақтөбе облысы, Темір ауданында дүниеге келген. Оның есімі жыраулық дәстүрді жалғастырушы, айтыскер ақын ретінде кеңінен танымал. Байғанин халық дастандары мен қазақ батырлары жайлы ерлік жырларын, «Құбығұл», «Төрехан», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Алпамыс», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» эпостарын орындаған.  

Оның қаламынан «Батыр ұлға», «Батыр туралы жыр», «Жеңіс туралы жыр», «Қазақстан – майданға» секілді туындылар дүниеге келген. Ақынның шығармаларында ұлттық бірлік, ерлік пен әділеттілік тақырыптары кеңінен баяндалады.  

Көрменің мақсаты – Нұрпейіс Байғаниннің шығармашылық мұрасын, сондай-ақ қазақтың жыраулық дәстүрін кеңінен насихаттау.

Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Нұрпейіс Байғаниннің өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, жарияланған еңбектері, замандастарының естеліктері мен ғылыми мақалалар ұсынылған.

                                     

                               Кітап көрмесіне шақырамыз!