+7 (727) 267-28-83

Бақытты

Бүгін Ұлттық кітапханада аса көрнекті ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 1 дәрежелі «Достық», «Парасат» ордендерінің иегері Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толуына орай «Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты «Балдырған» журналы жариялаған «Біз бақытты баламыз» атты байқауының қортынды жиыны өтті.

Балалар әдебиетін дамыту мақсатында ұйымдастырылған байқауға прозалық бағытта 157, поэзия жанры бойынша 43, ал ертегіден 34 туынды түскен. Қатысқан шығармалар арасынан үздіктер іріктеліп, әр жанр бойынша төрт үміткер – барлығы 12 автор жеңімпаз атанды.

Шараға зиялы қауым өкілдері, әр облыстардан келген жүлдегерлер, «Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты газет-журналдың қызметкерлері, ақынның отбасы мүшелері, ақын-жазушылар қатысты.

Бақытты 1   Бақытты 2   Бақытты 3   Бақытты 4