ҚР Ұлттық кітапхана мамандары ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне арналған мерекелік көшпелі іс-шара өткізді. Іс-шара Еңбекшіқазақ ауданының №1 Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің және Есік қалалық Оқушылар үйінің 1–5 сынып оқушыларына арналды. «Менің Отанымның рәміздері» атты квест-сабақтар Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.
Мәдени-ағартушылық шараның басты мақсаты - жас ұрпақты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы түсінігін қалыптастыруға, құрметпен қарауға, мақтаныш және патриоттыққа тәрбиелеу.
Квест-сабақ аясында ҚР Ұлттық кітапханасы мен Қазақстанның мемлекеттік рәміздері туралы бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ оқушылар арасында үш кезеңнен тұратын топтық ойындар өткізілді. Команда қатысушылары рәміздерге байланысты викториналық сұрақтарға жауап беріп, белсенді түрде ойындарға қатысты. Бұдан бөлек, балалар спорт үйірмесіндегі жаттығу түрлерінен үзінді көрсетіп, шығармашылық өнерлерін ортаға салды.
Есік қалалық Оқушылар үйіне ҚР Ұлттық кітапханасынан кітаптар табысталды. Жеңімпаздарға және белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар тапсырылды.
![]() |
![]() |
![]() |