+7 (727) 267-28-83

түрік курсы

2025 жылғы 3 маусымда Алматы қаласындағы Түрік Бас консулдығының қолдауымен ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкерлеріне үстіміздегі жылдың 11 ақпан - 31 мамыр аралығында өткен түрік тілі курсы аяқталып, сертификат  табыстау рәсімі өтті.

Сабақтарды Алматы қаласынан Түрік Бас консулдығы ұсынған Түркиядан келген ұстаздар:   Казим бей Килигаслан,  Гамзе ханум Йылмаз жүргізді.

Шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ғ.Қ Нұрғалиева құттықтау сөзбен ашып, Алматы қаласындағы Түркия Республикасының Бас консулы Эврен Мудеррисоглу мырзаға және білім бойынша атташе Айхан  Коркмаз мырзаға алғысын білдірді.

Түрік тілі курсын аяқтаған қызметкерлерге А1- дәрежелі Сертификат  табысталды.

түрік курсы 1   түрік курсы 4

  түрік курсы 2   түрік курсы 3

түрік курсы 6   түрік курсы 7   түрік курсы 5   түрік курсы 8