Бүгін кітапханада экономика ғылымдарының докторы Булат Хусаиновтың «Жаһандық энергетикаға көшу және орнықты даму сын-тегеуріндері» тақырыбы аясында екі томдық монографиясының тұсаукесеріне арналған дөңгелек үстел өтті.
Екі томдық әлемдегі екінші ең ірі баспа – Springer (Швейцария) баспасынан жарық көрген. Алғаш рет қазақстандық ғалым-экономист, э.ғ.д., профессор, Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдар Академиясының академигі Булат Хусаинов екі томдықтың редакторларының бірі болған.
Кітаптың таныстырылымында жиынға қатысқан академик, профессор, ғылым докторлары бірінші және екінші томның үш тарауында қазақстандық белгілі ғалымдардың еңбектеріндегі жаһандық энергетикалық ауысу үдерісіне қатысты өзекті мәселелер, қарқыны мен бағытын айқындайтын саяси шешімдері мен ықпал етуші факторлары туралы айтты. Кітаптың өзектілігі мен шетелде қазақ ғалымдарының еңбектеріне деген қызығушылықтың артып келе жатқандығы сөз болды.
Шараға ғалымдар, профессолар, экономисттер, қоғам қайраткері және т.б. қатысады.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |