+7 (727) 267-28-83

Иран делегацБүгін Ұлттық кітапханаға Иран мәдени орталығының директоры Ағазаде Хоссейн мырза, Иран Ұлттық Архиві мен кітапханасының жетекші ғылыми қызметкері, PhD, профессор Нури Мустафа мырза, Алламе Табатаи университетінің проректоры Мандана Тишеяр ханым арнайы сапармен келді.

Кездесу барысында Иран кітап бұрышының жұмыс жоспары талқыланып, әдебиеттер қорын толықтыру, кітапхана ісі саласы бойынша жұмыс тәжирбиесімен алмасу мәселелері қозғалды.

Сонымен қатар, қос ел Ұлттық кітапханаларының арасында ынтымақтастық меморандумын қол қою, Иран Ұлттық кітапханасының қорындағы Түркі мәдениетіне, Қазақстан тарихына, әдебиетіне, мәдениетіне қатысты қолжазбалардың көшірмесін алу, сирек кітаптар мен қолжазбаларды ғылыми зерттеу, дәріптеу жұмыстары талқыланып, қос тараптың өкілдері ұсыныстарын айтты.

Алламе Табатаи университетінің проректоры Мандана Тишеяр ханым кітапхана қорына өзінің кітабын сыйға тартты.

Иран делегац 1   Иран делегац 2   Иран делегац 3   Иран делегац 4