2025 жылғы 2 мамырда Отан қорғаушылар күніне және Жеңістің 80 жылдығына орай «Әдебиет академиясы» залында жазушы Ғ. Мүсіреповтың «Қазақ солдаты» романын талқылау іс-шарасы ұйымдастырылды.
Қазақ солдаты – Ғабит Мүсіреповтің тұңғыш романы. Роман майдан шындығы туралы көрініс тапқан патриоттық тақырыптағы туынды. Нақтылы кейіпкерлердің жинақталған бейнесі арқылы бүкіл халықтың, елдің ерлік бітімін көрсетті. Жауынгерлердің өшпес ерлігі, еліне, жеріне деген патриоттық сезімі сипатталады.
Қайрош Сарталиев – романның басты кейіпкері. Оның прототипі Гурьев облысынан (Атырау. обл.) Қайырғали Смағұлов деген кісі болған. Ол 1941-45 жылдардағы соғысқа бастан-аяқ қатысып, Кеңес Одағының батыры атағына ие болған адам. Қ. Смағұлов өзінің батырлығымен, ержүректілігімен, қайтпас қайсар мінезімен ерекшеленген.
Мақсаты: жастарды Ұлы Отан соғысы майдандарындағы сарбаздардың ерлігімен таныстыру, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Кешті жүргізген ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Жас қалам» әдеби клубының жетекшісі Мұратхан Шоқан.
Іс-шарада сөз сөйлегендер: Қайырғали Смағұловтың ұлы Ұзақ Қайырғалиұлы, кітапхана директорының орынбасары Ажар Юсупова, өлең оқығандар: Жаннұр Кабдолдина, Қарақат Қатбек және басқалар.
![]() |
![]() |
![]() |