+7 (727) 267-28-83

Память о войне

2025 жылғы 30 сәуір ҚР Ұлттық кітапханасы мен Ресей Федерациясының Алматыдағы Бас консулдығының бірлесіп ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Соғыс туралы әдеби естелік» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Естелік кеш Ұлы Отан соғысы даласында қаза тапқандардың құрметіне бір минуттық үнсіздікпен басталды. ҰОС ардагерлері: Ермекбаева Иоланта Михайловна, Максимова Тамара Александровна, Зельцер Михаил Ефимович, Елисеев Георгий Иванович, Изюмников Виктор Карпович іс-шараның құрметті қонақтары болды. ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ғ.Қ. Нұрғалиева және Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас консулы Д.А. Тураев құттықтау сөзін сөйледі.

Әдеби-сазды кеште Қазақ радиосының дикторы, ҚР Мәдениет қайраткері, еңбек ардагері А.Е. Серіков; Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, еңбек ардагері Т.Н. Тарская; Н.Сац атындағы театрдың әртістері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері О.Бобрик пен А.Красников соғыс жылдарына арналған өлеңдерді оқыды. Қошқарбаева Әлия Рахымжанқызы әкесі, «Халыө қаһарманы» Рахымжан Қошқарбаев туралы естеліктерімен бөлісті. Кешке қатысушылар халықаралық байқаудың лауреаты Ж.Заинның орындауында (концертмейстер С.Главацкая) «Эх, дороги», «Смуглянка», «Синий платочек», «10-ый наш десантный батальон», «Журавли» әндерін; актриса, әнші, ҚР мәдениет қайраткері Л.Коротченконың әндерін тыңдады.

Шарада Т.Жүргенев атындағы өнер академиясының студенті Ж.Меңіс «Әлия» әнін орындады. ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі іс-шараның барлық қонақтарына қазақ би нөмірін ұсынды. Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның үрмелі аспаптар оркестрі «Марш славянки» мен «День Победы» әскери музыкалық шығармаларды орындады.

Шара аясында ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсетудің ресми рәсімі – ҚР Ұлттық кітапханасы, Ресей Федерациясының Алматыдағы Бас консулдығы, Алматыдағы Россотрудничество атынан сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ, Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас консулы Д.А. Тураев ҚР Ұлттық кітапханасына Ұлы Отан соғысы туралы жаңа кітаптар жинағын сыйға тартты.

Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмытылмайды» кітап көрмесі ұсынылды.

Әдеби-сазды кешке Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Алматы қалалық Ұлы Отан соғысы ардагерлері, әскери қызмет және тыл еңбеккерлердің кеңесі, Ауғанстан ардагерлер одағы, «Арыстан» мамандандырылған лицейінің курсанттары, студенттер, ұстаздар, кітапхана оқырмандары қатысты.

Память о войне 1   Память о войне 4   Память о войне 3
Память о войне 6   Память о войне 5   Память о войне 2