+7 (727) 267-28-83

Салтанат би

2025 жылғы 29 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің құрылғанына 70 жыл толуына және Халықаралық би күніне орай фото көрмесінің ашылуы мен мерекелік шара өтті.

Лента кесу салтанатты рәсіміне қатысқандар: Қазақ ССР-ның еңбек сіңірген артисі ардагеріміз Нұрлыбек Әділбеков Әшірбекұл; ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің директоры Ерен еңбегі медалінің иегері Елубай  Кенжалиев; ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Нұрғалиева Ғазиза Құдайбергенқызы. 

Фотокөрменің ашылуында Қазақ ССР-ның еңбек сіңірген артисі ардагер Нұрлыбек Әділбеков Әшірбекұлы; «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің солисті ардагеріміз  Алуа Сапараева  Серікқызы; ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің директоры Ерен еңбегі медалінің иегері Елубай  Кенжалиев  Мұхамбетұлы сөз сөйлеп, педагог-хореографтар, өнер майталмандары мен би ансамблінің артистері қатысты.

Кештің модераторы – журналист Жаңылсын Таушова Шаяхметқызы. Кеште  «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінен «Қос алқа» биі орындалды.

ҚР Ұлттық кітапханасының өнер бөлімінің мамандары «Салтанат» би ансамблінің тарихы мен дамуы туралы кітаптар, газеттер мен журналдардан кітап көрмесін дайындады.

Салтанат би 3   Салтанат би 1   Салтанат би 4