+7 (727) 267-28-83

ЮК

Мерзімді басылымдар оқу залында «Южный Казахстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің 100-жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды.

«Южный Казахстан» - Шымкент қаласында шығатын облыстық қоғамдық-саяси газет. 1925 жылдың 1-ші мамырында негізі қаланған. «Южный Казахстан» газеті – Түркістан облысындағы ең көп таралыммен орыс тілінде шығатын тарихы бай, оқырман қауымы кең газеттердің бірі. Газеттің негізгі айдарлары: саясат, экономика, қоғам, мәдениет, спорт.

Көрменің мақсаты: оқырмандарды газеттің ғасырлық тарихымен және қызметімен таныстыру.

«Южный Казахстан» газеті әр жылдары түрлі атаумен шыққан: «Смычка» (1925-1929 жж.), «Правда в степи» (1930-1932 жж.), «Правда Южного Казахстана» (1932-1962 жж.), 1962 жылдан бері газет «Южный Казахстан» атауымен жарық көріп келеді.

Газеттің бас редакторлары: Добрый (1925 ж.), Шефер (1931 ж.), А.Зародов (1940 ж.), Г.Чевератов (1953 ж.), Д.Власов, Ю.Кирюхин, Н.Коломыцев, О.Смирнова болды, қазіргі уақытта - М.Лимаренко.

«Южный Казахстан» газеті аптасына үш рет 8000 дана таралыммен шығады.

Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан алынған «Южный Казахстан» газетінің әр жылдардағы жарияланған материалдары мен мақалалары қойылды.

 

Көрмеге шақырамыз!