«Қазақстан кітаптары» қызметінің О.Жандосов атындағы оқу залында Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі жанынан 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Халықтар достығы – баға жетпес байлық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – Қазақстан халықтарының бірлігі мен достығын насихаттау, елімізде мекендейтін түрлі этностардың мәдениеті мен салт-дәстүріне құрметпен қарауды қалыптастыру, ұлттар арасындағы ынтымақтастықты дәріптеу.
Кітап көрмесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы қорынан еліміздегі түрлі этнос өкілдерінің тарихы, мәдениеті мен әдебиеті туралы материалдар, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне қатысты басылымдар, сондай-ақ, ел бірлігі мен татулығын арқау еткен әдеби туындылар ұсынылды.
Кітап көрмесіне шақырамыз!