+7 (727) 267-28-83

Герои

Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында  Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Айдархан Жадықовтың құрастыруымен жарық көрген «Герои - казахстанцы» қысқаша биографиялық анықтамалық кітабының таныстырылымы өтті.

Кітап ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің қолдауымен жарық көрді

Жиынды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Кітап ісі басқармасының басшысы А. Мырзахмет ашып, автор А.Жадықов кітапқа енген Кеңес Одағының Батырлары мен  Халық Қаһармандары атанған тұлғалар туралы тағылымды естелігін айтты. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Х.Әбжанов, Орталық мемлекеттік архивтің директоры С.Шілдебай, кітапты шығарған «Мектеп» баспасының Бас редакторының орынбасары Ә.Оспанова, Ардагерлер кеңесінің мүшесі, еңбек ардагері К. Летникова  соғыс жылдарында ерен ерлік көрсеткен қазақстандық жауынгерлер туралы деректермен бөлісіп, авторға алысын білдірді. Іс-шараны жазушы, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкері Қ.Алтынбеков жүргізді.

Шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, «Аманат» партиясының Алматы қалалық филиалы саяси жұмыс бөлімінің қызметкерлері,  биографиялық анықтамалыққа енген ардагерлердің отбасы мүшелері мен ұрпақтары, № 0111 әскери бөлімінің сарбаздары, Алматы Ұлттық медициналық колледжінің студенттері мен кітапхана оқырмандары қатысты.

Герои 2   Герои 4   Герои 1   Герои 3