+7 (727) 267-28-83

Кәріп

«Қазақстан кітаптары» қызметінің Ораз Жандосов атындағы оқу залында «Алаш» сыйлығының иегері, жазушы Өмір Кәріптің туғанына 85 жыл толуына орай «Жазушының жарқын әлемі » атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Өмір Кәріпұлы - Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, көрнекті қаламгер,  ұлағатты ұстаз,өз туындылары  арқылы қазіргі қазақ әдебиетінің өркендеп өсуіне және елдік руханиятымызды байытуға зор үлес қосқан қаламгер. Сонымен қатар, жазушы халықтық педагогикаға сүйене отырып, ұлттық тәрбие дәрісін жүргізген.

Көрменің мақсаты — жазушы Өмір Кәріпұлының өмірі мен шығармашылығын жаңа ғасырға қадам басқан жас буынға таныстыру. Көрме адам өмірінің мәні мен маңызын терең түсінуге, кітап оқып, тіл байлығын арттыруға және жазушының еңбектерін жоғары бағалауға  көзделген.

Кітап көрмесіне Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы қорынан Өмір Кәріптің өмірі мен шығармалары және жазушы туралы естеліктері мен кітаптары қойылды.