2025 жылғы 23 сәуірде «Ұлттық кітап күнін» мерекелеу және Иран кітап бұрышының қызметі аясында Иранның белгілі жазушысы Мехди Миразимидің «Книга на одной странице» - «Бір беттік кітап» атты әңгімелер жинағының тұсаукесері өтті. Іс-шара Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығымен және Иран мәдени орталығымен бірлесіп өткізілді.
Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары А.Х.Юсупова құттықтау сөзімен бастады.
Шараның модераторы Әлем әдебиеті қызметінің кітапханашысы З.Ф. Қожамберді болды.
«Бір беттік кітап» - Шығыстың терең, философиялық заманауи әңгімелерінің жинағы және ол ерекше форматта ұсынылған, онда әрбір оқиға бір бетте қысқаша баяндалады.
Кітаптың тұсаукесеріне Иран Ислам Республикасынан арнайы келген автор Мехди Миразимидің өзі қатысып, кітапты ұсынды. Өз сөзінде автор әңгімелер арқылы оқыту қоғамдық мәдениетті арттырудың және оқуды ынталандырудың ең тартымды әдістерінің бірі деп есептейтінін, сонымен қатар, бұл бір кітаптың тұсаукесері ғана емес, екі ел арасындағы рухани байланыстың, мәдени достықтың жарқын көрінісі екенін атап өтті.
Іс-шарада «Кітап әлеміне саяхат» интеллектуалды квест-викторинасы өткізілді, сонымен қатар, студенттер парсы тілінде өлеңдер оқыды. Іс-шараның белсенді қатысушылары мен квест-ойын жеңімпаздарына Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығынан және Иран мәдени орталығынан алғыс хаттар, кітапхана атынан кітаптар мен сыйлықтар табыс етілді.
Тұсаукесерге қатысып, сөз сөйлегендер: Иран Бас консулдығының мәдени атташесі, Алматы қаласындағы Иран мәдени орталығының директоры Ағазаде Хоссейн мырза; «Фархангваран» мәдени орталығының директоры Мохаммад Амин Тарох мырза; шығыстанушы, аталмыш кітапты парсы тілінен қазақ тіліне аударған Гаухар Омарханова; «Отбасы хрестоматиясы» баспасының өкілі Айбек Нәби; Ш.Уәлиханов атындағы тарих институты директорының сыртқы байланыстар бойынша орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты, PhD Жеңіс Жомарт; әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетінің профессоры Батырхан Болатбек, сонымен қатар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің оқытушылары мен студенттері, № 40 мектеп оқушылары, оқырмандар мен кітапхана қонақтары.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |