Бүгін кітапханада Қазақ КСР Халық жазушысы, Қазақ КСР ҒА академигі, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Мемлекеттік және Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтарының лауреаты, КСРО-ның екі мәрте «Ленин», екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет Белгісі» ордендерінің иегері Мұқанов Сәбит Мұқанұлының туғанына 125 жыл толуына орай «Жолы кең жазушы» атты дөңгелек үстел өтті.
Жазушының шығармалары мен өмір жолы туралы естеліктерді оқырманға насихаттау мақсатында өткен жиында Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ж.Қорғасбек, ҰҒА академигі К.Құрманәлиев, қаламгердің қызы Ж.Мұқанова, филология ғылымының докторлары, профессорлар Д.Ысқақ, К.Ахметова, Г.Орда, М.Бекбосынов, ақын, «Құрмет» орденінің иегері Ә.Қайырбеков, қаламгердің қазақ әдебиетіне қосқан еңбегі, туындылары туралы өз пікірлерін білдіріп, естеліктермен бөлісті.
Шара аясында Ұлттық кітапхана ұйымдастырған көрмеге жазушының кітапхана қорынан алынған прозалық кітаптары, естеліктер, сонымен қатар, С.Мұқанов және Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінен алынған фотосуреттер қойылды.
Шараға зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, қаламгердің отбасы, «Almaty Polytechnic Сollege», «Нұр-Мүбәрәк» Египет ислам мәдениеті университеті, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Алматы «Престиж» колледжі студенттері, С.Нұрмағамбетов атындағы құрлық әскерлерінің Әскери институтының сарбаздары, №46 мектеп гимназиясының және Қонаев қаласы, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының ұстаздары мен оқушылары, басқа да қонақтар қатысты.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |