+7 (727) 267-28-83

Кітап жолы

2025 жылдың 23 сәуір Р. Бердіғалиева атындағы Кітапханатану залында кітап нарығындағы баспагер – автор арасындағы байланыс және кітаптың баспадан оқырманға дейінгі жету жолына арналған «Ұлттық кітап жолы: баспадан оқырманға дейін» атты интерактивті іс-шара өтті.

Шараның модераторы – Ғылыми-әдістемелік қызметінің маманы Қанат Алтынбек.

Іс-шара аясында «Кітаптың тарихы» атты бейнеролик ұсынылды. кітап туралы қызықты деректер, «ОйлаLike» қызықты guiz ұйымдастырылды.

Мерекелік іс-шарада - көрнекті жазушы, журналист, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы мен М.Әуезов атындағы сыйлықтың иегері Кәдірбек Сегізбаев Ұлттық кітап күнімен құттықтап, шығармашылығы жайлы және баспамен байланысы туралы тілге тиек етті.

Фарабитанушы, философия ғылымдарының докторы, әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті, философия кафедрасының профессоры, Халықаралық әл-Фараби ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми кеңесшісі Жақыпбек Алтаев ғылым жолындағы алғашқы монографиялары, баспамен байланысы туралы айтты.

Белгілі баспагер, меценат, Республикалық «Дарын» баспасының директоры Жанат Бекетан баспаның қызметі жайлы, баспадан оқырманға дейінгі кітап жолы туралы сөз алды.

Кітаптың кітапханаға түсу жолы жайында ҚР Ұлттық кітапханасы Қорды толықтыру қызметінің жетекшісі К.М. Изамбекова өз пікірін білдіріп, жастарды кітап оқуға, кітаппен дос болуға шақырды.

Мерекелік іс-шараға Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті «Ақпараттық технологиялар және кітапхана ісі» кафедрасының, Алматы принтмедиа технологиялар колледжінің суденттері мен оқытушылары, кітапханашылар қатысты.

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының театр және өнер факультетінің студенттері қазақ әндерінен  мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Кітап жолы 1   Кітап жолы 4   Кітап жолы 2   Кітап жолы 3