+7 (727) 267-28-83

70

Бүгін Н. Дәулетова атындағы залында белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Әділғазы Қайырбековтің 70 жасқа толуына орай «Ғазалғұмыр» атты бенефисі  өтті.

Шарада Алматы қаласы әкімінің орынбасары  А. Қалдыбеков мерейтой иесіне ҚР Президенті Қ-Ж.Тоқаевтың Алғыс хаты мен «Алтын Барыс» төсбелгісін, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі А. Балаеваның  Құттықтау хатын ҚР Ұлттық кітапхана директоры  Ғ.Нұрғалиева, Абай облысы әкімі Б.Уәлидің Құттықтау хатын әкімнің кеңесшісі Е. Алшымбай тапсырды. 

Кеш аясында ақынның  «Ғазалғұмыр», «Көк дәптер», «Әділғазы Қайырбеков»  библиографиялық көрсеткішінің таныстырылымы болды.

Шара барысында «Әділғазының әдемі әлемі» бейнеролигі көрсетіліп,  Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасы М.Құлкенов, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры К.Матыжанов, «Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы Б. Жақып, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры Қ.Әбдезұлы және Ә.Қайырбековтің замандас достары ол жайлы өмірінің қызықты сәттерімен бөлісіп, шығармашылығы, ғылыми еңбектері туралы сөз қозғады.

Мерейтой аясында Ұлттық кітапхана қорынан Әділғазы Қайырбековтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Ғазалғұмыр» атты арнайы кітап және автордың жеке мұрағатынан фото көрмесі ұйымдастырылды.

Шараға қоғам қайраткерлері, ақындар мен жазушылар, Алматы қаласы Музейлер бірлестігінің қызметкерлері, студенттер және басқа да қонақтар қатысты.

70 6   70 2   70 3
70 4   70 5   70 1