Әлем әдебиеті залында француздың жазушысы, драматургы және публицисті Эмиль Золаның 185 жылдық мерейтойына орай «Эмиль Золаның әдеби мұрасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмесінің мақсаты - кітапхана оқырмандарына Эмиль Золаның өмір мен шығармашылығын таныстыру.
Эмиль Зола - әлем әдебиетінің көрнекті қайраткері, натурализмнің негізін қалаушы, журналист, қоғам қайраткері. Ол әдебиетті ғылым ретінде, ал жазушыны адам тағдыры мен әлеуметтік процестерді экспериментатордың дәлдігімен түсіретін зерттеуші ретінде және натурализмнің негізін қалаушы ретінде өмірді оның барлық шындықтарында, бұрмалаусыз көрсетуге тырысты.
Эмиль Зола ең алдымен 20 томдық «Ругон-Маккараның» ауқымды циклімен танымал, онда ол ХІХ ғасырдың соңғы отыз жылдығындағы Францияның жаһандық әлеуметтік өзгерістері аясында бір отбасының тарихын көрсетті. Ол өз шығармаларында қоғамның өткір мәселелерін, таптық теңсіздікті көтерді. Зола жай жазушы емес, өз заманының шежірешісі. Оның шығармалары әлеуметтік әділеттілік, адамның табиғаты мен қоғамның тағдыры туралы ойлауға шабыттандырады. Автордың шығармалары бірнеше рет экранға шыққан болатын.
ҚР Ұлттық кітапханасы қорының кітап көрмесінде француз тілінде автордың көзі тірісінде жарияланған бірегей кітаптар ұсынылған: «Добыча» (La Curée, 1872ж.); «Завоевание Плассана» (La Conquête de Plassans, 1874ж.); «Карьера Ругонов» (La Fortune des Rougon, 1875ж.); «Чрево Парижа» (Le Ventre de Paris, 1880ж.); «Земля» (La Terre, 1887ж.) және басқа да кітаптар орыс, қазақ, ағылшын, қытай, неміс және румын тілдерінде басылып шыққан.
Сондай-ақ жазушының шығармашылығын зерттеушілердің кітаптары ұсынылған: А. Пузиков «Жизнь Золя» (1981); Е. П. Кучборская «Эмиль Золя - литературный критик» (1978); әдебиет индексі Л. Бернштам «Эмиль Зола» (1941); библиографиялық көрсеткіш. И. Лещинская «Эмиль Зола» (1975.). Көрмеде барлығы 100-ге жуық әдебиет бар.
Кітап көрмесіне барлықтарыңызды шақырамыз!