+7 (727) 267-28-83

кривков

2025 жылғы 26 наурызда Ұлттық библиография қызметінің кітапханашысы Т.ғ. к. А.Л. Кривков "ҰОС жылдарындағы ТМД елдері кітапханаларының қызметі туралы тарихи жадыны сақтау" атты дөңгелек үстел жұмысына "А.С.Пушкин атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік көпшілік кітапханасы Ұлы Отан соғысы жылдарында" тақырыбындағы баяндамасымен онлайн-форматта қатысты.   

Дөңгелек үстел Новосибирск қаласында 24 наурыздан бастап өтетін "Кітапханалардағы ғылым, технология және ақпарат" (Libway – 2025) жыл сайынғы халықаралық конференциясы аясында ұйымдастырылды. Конференцияны ұйымдастырушылар: Ресей Ғылым академиясының Сібір бөлімі, Ресей Ғылым академиясының Сібір бөлімінің мемлекеттік қоғамдық ғылыми-техникалық кітапханасы, Ресей кітапханалар қауымдастығы, академиялық кітапханаларды қолдау және дамыту Сібір қауымдастығы (СААБ), Новосибирск облысының мемлекеттік мұрағат қызметі басқармасы. Шақырылған шетелдік қонақтардың қатарында Қазақстан, Өзбекстан, Армения, Тәжікстан, Беларусь елдерінен келген ғалымдар, кітапхана және мұрағат саласының мамандары бар. Конференция бағдарламасына көптеген секциялар, семинарлар, көрмелер, экскурсиялар кіреді. Конференция өз жұмысын 28 наурызда аяқтайды.

кривков 2   кривков 1