+7 (727) 267-28-83

Иран кітап бұрышы 2005 жылы Иран Ислам Республикасының Халықаралық және мәдени зерттеу орталығы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы арасындағы Келісім негізінде ашылды.

Иран кітап бұрышының қызметі:

   - Иран туралы ағылшын, парсы, орыс тілдеріндегі әр білім салалары бойынша басылымдармен оқырмандарға қызмет көрсету;
   - екі мемлекет арасындағы мәдениет және әдебиет саласындағы ынтымақтастықты кеңінен нығайту;
   - зерттеушілерге, оқытушыларға, студенттерге Иран әдебиеті мен мәдениеті, парсы тілі мен әдебиетін зерделеу мәселелері бойынша кеңес беру;
   - Иран халықтарының мәдениеті мен әдебиетін насихаттау барысында көпшілік шаралар өткізу.