2025 жылғы 7 ақпанда ҚР Ұлттық кітапханасының қорына Алматы технологиялық университеті «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының қауымдастырылған профессорлары, педагогика ғылымдарының кандидаттары Тукенова Капиза Тукеновна мен Ахатаева Ғалия Байқоңырқызы «Мәдениеттану» пәнінен дәрістер жинағының бірнеше данасын сыйға тартты.
Бұл кітап мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихынан бастап,бүгінгі жаһандық дәуірдегі өзекті мәселелер кезеңін қамтиды және жастарды ізгілікке, парасаттылыққа баулу арқылы мәдениетін көтереді, эстетикалық, этикалық көзқарастарын дамытады.