+7 (727) 267-28-83

сми 06

2025 жылғы 6 ақпанда Н.Дәулетова атындағы залда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының 115 жылдығы мен «Ана тілі» республикалық апталық газетінің 35 жылдығы аясында «Қазақ газеттері» ЖШС директорының орынбасары, Алматы басылымдарының жетекшісі Серік Әбікенұлы мен ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы өзара Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Шара барысында Ұлттық кітапхана мен «Ana tili» газеті, «Aqiqat» журналының «Ұрпақ оқымаған кітап» және «Қолжазбадағы тарих» атты жобалардың әрі қарай өз жалғасын тауып, Ынтымақтастық туралы Меморандумы аясында басылымдардың электрондық нұсқасының оқырманға жетуі жеңілдетілетіні сөз болды.

Басылымның 35 жылдық мерейтойын құтты мекен, парасат ордасы – Қазақстан РеспубликасыныңҰлттық кітапханасынан бастаған «Ана тілі» ұлт газеті бас редакторының орынбасары Қарагөз Сімәділ Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Оспанова бастаған кітапхана мамандарына ризашылығын білдірді.

Кітапхана директоры Бақытжамал Қайырбекқызы өз сөзінде «Қазақ газеттері» бірлестігімен Ұлттық кітапхана арасындағы тығыз қарым-қатынас жоғары деңгейде жүзеге асырылып келе жатқанын баяндады.

Таяуда, «Ана тілі» ұлт газетінің 6 ақпанда жарық көрген нөміріндегі Бақытжамал Қайырбекқызының Ұлттық кітапхананың 115 жылдығы төңірегінде берген сұхбатының ауқымдылығы мен көтерген мәселелері де сөз болды.

Қорды толықтыру қызметінің жетекшісі Қаншайым Мұсақызы осы кезеңге дейін «Egemen Qazaqstan», «Aikyn», «Казахстанская правда», «Алматы ақшамы» газеттерінің PDF нұсқалары Ұлттық кітапханаға келіп түсетініне тоқталып, Алматы қаласындағы басылымдардың да электрондық нұсқалары алдағы уақытта жүзеге асатынына сенім білдірді.

Бүгінде «Ана тілі» ұлт газетінің 1990 жылғы алғашқы басылымдары кітапханалар мен архивтерде сақталмаған. Алайда, газеттің алғашқы редакторларының жеке архивтерінде сақталған алғашқы сандары Ұлттық кітапханаға арнайы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, электрондық нұсқасын сақтау үшін табысталды.

Алқалы басқосуға «Қазақ газеттері» ЖШС директорының орынбасары, Алматы басылымдарының жетекшісі Серік Әбікенұлы, «Үркер» журналының бас редакторы Жарас Сәрсек, «Aqiqat» журналының бас редакторы Дәуіржан Төлебаев, бас редактордың орынбасары Дина Имамбай, «Baldyrgan» журналының бас редакторы Ерғали Бақаш, «Ana tili» газеті бас редакторының орынбасарлары Қарагөз Сімәділ мен Берік Бейсенұлы және кітапхана мамандары қатысты.

сми 061   сми 064   сми 063   сми 062