+7 (727) 267-28-83

тамаша

2025 жылғы 7 ақпанда ҚР Ұлттық кітапханасының Әдебиет академиясы залында ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Тамаша туған айым ақпан айы» атты жыр кеші өтті.

Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Жазушының толық аты-жөні Мұхаметқали. М. Мақатаевтың балалық шағы қазақтардың басынан өткен бірнеше қайғылы оқиғалармен тұспа-тұс келді. Мұқағали Мақатаев жасөспірім кезінен поэзияға қатты әуестене бастады. Оны Абай,       М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, С. Сейфуллиндердің кітаптары шабыттандырды. Орыс тілін өз бетінше үйреніп, А. Пушкин, С. Есенин, А. Блоктың поэзиясын оқыды. Ол, сондай-ақ,      У. Шекспир, И. Гете, В. Гюго, А. Дюма, Дж. Байрон, Т. Драйзер, Стендал, Дж. Лондон және О. Бальзактың шығармаларына қызығушылық танытты. Мәскеудегі М. Горький атындағы әдебиет институтын бітірген.

1954-1962 жылдары Қазақ радиосында диктор, орыс тілі мұғалімі, 1962-1972 жылдары «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінің, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарының бөлім меңгерушісі, 1972-1973 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі болып жұмыс істеді.

Жеті жасар Мұқағалидің алғашқы өлеңдері 1948 жылы «Советтік шекара» газетінде жарық көрді. Көзі тірісінде ол біраз өлеңдер мен кітаптар жинағын шығарды: «Ильич» (1964), «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығашым, келдің бе?», «Мавр» (1970), «Дариға жүрек» (1972 ж.), «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің» (1975 ж.), «Соғады жүрек», «Шолпан», «Жырлайды жүрек», «Өмір-өзен», «Өмір-дастан»  және « Қош, махаббат!» (1988) прозалық басылымы ол қайтыс болғаннан кейін жарық көрді.

Іс-шараның мақсаты: көрнекті ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу, өлеңдері мен шығармаларын оқу және оқушы жастарды ақын поэзиясының ерекшеліктерімен таныстыру.

Іс-шараның модераторы, ұйымдастырушысы – ақын Мұратхан Шоқан.

Шарада Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттері мен Алматы қаласы теміржол көлігі колледженің оқушылары ақынның өлеңдерін оқыды.

Іс-шараға колледж оқушылары мен ұстаздары, студенттер, оқырмандар және т.б. қатысты.   

тамаша 1   тамаша 2   тамаша 3   тамаша 4