2025 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ғимаратында Алматы қаласы Төтенше жағдай департаментінің және ҚР Ұлттық кітапханасының ұйымдастыруымен өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді.
Жаттығудың мақсаты: кітапхана ғимаратында және кітап қоймасында шартты өртті сөндіру бойынша жеке құрамның іс-қимылдарын пысықтау.
Шара барысында сағат 11:00 де Алматы қаласы Төтенше жағдай департаменті өрт сөндіру орындарында дабыл қағылды. Өрт сөндірушілер жедел ғимаратқа келіп, мекемеде қалған адамдары эвакуациялап, ғимарат аумағындағы өртті сөндіру жұмыстарын жасады. Сонымен қатар мекеме қызметкерлеріне төтенше жағдай кезіндегі алғашқы іс-әрекеттер туралы түсініктеме жұмыстары жүргізілді.
Оқу жаттығуға мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының (МӨҚҚ) 50 қызметкері, жедел жәрдем қызметкерлері мен кітапхананың 105 қызметкері қатысты.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
|||
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |