+7 (727) 267-28-83

4 тетради

2025 жылғы 29 қаңтарда ҚР Ұлттық кітапханасында Ләйлә Ғалымжанованың (1924-2017) «Четыре тетради» кітабының тұсаукесері өтті.

Ләйлә Ғалиуллақызы Ғалымжанова қазақ телевизиясын ұйымдастырушылардың бірі, Мәдениет министрі, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Басқармасы мәдениет бөлімінің меңгерушісі болды.

«Четыре тетради» кітабын Л.Ғ.Ғалымжанованың отбасы мүшелері 2024 жылы 100 жылдық мерейтойына дайындап, басып шығарды.

Кітапқа Қазақстан мен қазақ халқының кеңестік кезеңдегі күрделі және қасіретті тарихын, қазақ зиялыларының жарқын өкілдерінің тағдырын бейнелейтін Ләйлә Ғалиуллақызының естеліктерімен сұхбаттары енген.

Іс-шараның модераторы «Четыре тетради» кітабының баспагері, Л.Ғ. Ғалымжанованың немересі Әсел Қараулова болды.

Қазақстан Журналистика Академиясының президенті, профессоры Сағымбай Қозыбаев өз сөзінде Ләйлә Ғалиуллақызы Ғалымжанованың тұлғасына тоқталып, оның Қазақстан тарихын зерттеудегі естеліктерінің маңыздылығына тоқталды.

Ақын, жазушы, аудармашы, сценарист Бақытжан Қанапьянов Л. Ғ. Ғалымжанованың отандық кинематографияның дамуына қосқан баға жетпес үлесін атап өтті, ол ел мәдениетін басқарған кезеңде қазақ киносының жауһарлары: «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», «Біздің артымызда –Мәскеу», «Мәншүк туралы ән», «Транссібір экспрессі» туындылары түсірілді.

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ түлектері қауымдастығының президенті, т.ғ.к. Балтабаева Құлғазира Нұранқызы ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы Қазақстан мұсылмандары діни қызметкерлерінің тарихын Л.Ғ. Ғалымжанованың әкесі мен атасының тағдыры арқылы баяндады.

«Төрт дәптер» кітабының редакторлары, т.ғ.к., профессоры Михаил Акулов және PhD кандидат, Л. Ғалымжанованың шөбересі Арслан Ақанов кітапты баспаға дайындау жұмысына тоқталып, Күнделіктердің кейінгі Кеңестік Қазақстан тарихын зерттеудегі дереккөз ретіндегі маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, тұсаукесерде Талғат Асылұлы Мамашев; Валерий Жандаулетов, белгілі журналист, ҚР Журналистика Академиясының академигі; Анастасия Таукелова, кітап дизайнері және т. б. сөз сөйледі.

Іс-шараға шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдері, Л.Ғ. Ғалымжанованың әріптестерімен БАҚ өкілдері және отбасы мүшелері қатысты.

4 тетради 1   4 тетради 2   4 тетради 3   4 тетради 4