+7 (727) 267-28-83

1719

2025 жылғы 29 қаңтарда танымал саясаттанушы Досым Сәтпаев ҚР Ұлттық кітапханасының қорына қазақ, ағылшы және орыс тілдеріндегі «Көшпенділер өркениеті мен еуропалық саяхатшылар. XVII-XIX ғасырлардағы кескіндеме, графика және картография», «Кочевая цивилизацияи европейские путешественники. Живопись, графика и картография XVII-XIX вв. Nomadic civilization and evropean travelers: painting, graphics and cartograpfy from the 17th to 19th centuries» атты кітаптардың бірнеше данасын сыйға тартты.

Бұл өнертанушы Валерия Ибраеваның, сондай-ақ көшпелі мәдениетті зерттеуші Джулия Ганидің, BonArt аукцион үйі мен оның негізін қалаушы Максим Ткаченконың қатысуымен Досым Сәтпаевтың жеке мәдени-ағарту қоры дайындаған, жаңа бірлескен кітап жобасы.

Бұл кітап Алматыдағы бейнелеу өнерінің антиквар топтамасындағы түрлі дәуірлерде, түрлі елдерден келіп қазақ даласын әртүрлі мақсатпен кезіп жүрген саяхатшылар мен дипломаттардың, жер аударып, айдалғандар мен миссионерлердің қолынан шығып, кейін географиялық карталар жасауға негіз болған туындыларға сүйеніп жазылған.

Жарық көрген кітап қазақтар мен Ұлы Дала тарихына байланысты жаңа жаңалықтардың негізін қалайды.

Кітап көшпелі мәдениет тарихына қызығушылық танытқандардың барлығына қызықты болады.