+7 (727) 267-28-83

2801 үнді28 қаңтар, сағат 16.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Үндістан кітап бұрышының қызметі аясында Үндістанның Республика күніне орай «Түсті сапар: Үндістанға әсем саяхат» - «Rangin Safar: A Colorful Journey to India» өнер көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Б.Қ. Оспанова ашты.

Үндістан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі д-р Т.В. Нагендра Прасад мырза құттықтау сөз сөйлеп, Ұлттық кітапханаға алғысын білдіре отырып, болашақта әрі қарай тығыз ынтымақтастық жүргізуге дайын екенін жеткізді. Көрмеге ұсынылған суреттерді танымал қазақстандық суретші, ЮНЕСКО клубының мүшесі, Халықаралық акварелдік қауымдастығының кураторы Светлана Кравченко Павлодар қаласындағы «Немалевичи» өнер студиясы суретшілерінің жұмыстарына шолу жасап, таныстырды.

Шара аясында д-р Т.В. Нагендра Прасад мырза Ұлттық кітапханадағы Үндістан кітап бұрышына ағылшын тіліндегі медицина саласы бойынша энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар мен оқулықтарды сыйға тартты. ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.Қ. Оспанова көп жылғы жемісті ынтымақтастық үшін алғысын білдірді.

Іс-шараның ұйымдастырушылары: ҚР Ұлттық кітапханасы, Қазақстан Республикасындағы Үндістан елшілігі, Свами Вивекананда атындағы мәдени орталық.

«Түсті сапар: Үндістанға әсем саяхат» - «Rangin Safar: A Colorful Journey to India» өнер көрмесімен 14 ақпанға дейін танысуға болады.


2801 111
  2801 222   2801 333   2801 444