2025 жылғы 27 қаңтарда ҚР Ұлттық кітапханасының қорына журналист, мемлекеттік тілдегі құжаттардың редакторы Алма Смағұлқызы өзінің «Қосүйеңкінің қыран мінез Ертайы» атты жаңа кітабының үш данасын сыйға тартты.
Бұл естелік-жинақ қазақ журналистикасында өзіндік сүрлеу салып, қолтаңбасын қалдыра білген қаламы қарымды журналист, автордың өмірлік жолдасы, бар саналы ғұмырын журналистикаға арнаған Бекқұл Ертай Бижігітұлына арналады. Жинаққа журналистің әр жылдардағы мерзімді басылымдарда жарық көрген материалдары және көзкөргендердің естеліктері топтастырылған. Естелік кітапта Ертай Бижігітұлының бекзат болмысын, биік пайым-парасатын, таным тереңдігін жан-жақты тануға болады.