+7 (727) 267-28-83

2401

2024 жылғы 24 қаңтарда Әлем әдебиеті залында Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының Бас консулдығы мен Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастық өкілдігінің ҚР Ұлттық кітапханасына жыл сайынғы дәстүрлі кітап сыйға тарту рәсімі өтті. Ресей кітап бұрышына арналған жаңа кітаптар топтамасының жыл сайынғы дәстүрлі тартуы Ресейде 25 қантарда «Ресей студенттерінің күні» және «Татьяна күні» ретінде атап өтілетін мереке қарсаңында өткізілді.

Іс-шара ұлы ақын, философ және халық ағартушысы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығын мерекелеу аясында «Абай және Пушкин: шабыт өнері» тақырыбында өтті. Бұл халықтардың достығы мен мәдени өзара әрекеттестік нышандары, соның арқасында еуразиялық мәдениеттің жарқын өкілдерінің шығармашылығы мәдениеттің өзара түсіністігі мен етене ену үлгісіне айналды және әлемдік қоғамдастыққа кеңінен танымал болды.

Іс-шара барысында «Қазақстандық Пушкиниада» халықаралық шығармашылық фестивалінің екінші маусымы ашылды, ол бірнеше халықаралық жобаларды қамтиды: ТМД мен Азия елдері өкілдерінің қатысуымен «Мәдениеттер диалогы» халықаралық жобасы; республиканың шығармашылық дарынды жастарды қолдауға арналған «Ярмарка талантов» байқау-фестивалі. Үздік жұмыстар «Орыс тілі күніне» орайластырылған  гала-концертте ұсынылады. 

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары А. Х. Юсупова ашты.

ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.К. Оспанова құттықтау сөз сөйлеп, көп жылғы жемісті ынтымақтастық пен Ресей кітап бұрышы қорын әдебиеттермен толықтырғаны үшін алғысын білдірді.

Сыйға тарту іс-шарасына Ресей консулдығының вице-консулы, Алматы қаласындағы Орыс үйінің басшысы М.С.Симакова қатысты. Өз сөзінде ол іс-шараға қатысушы қонақтарды, студенттер мен оқушыларды мерекемен құттықтап, оларға оқуда табыс тілеп, әдеби, ғылыми және тарихи материалдарды, сақтайтын, ұсынынатын және қолжетімділікті қамтамасыз ететін  кітапхана мен кітаптың қалай бағаланатынын атап өтті.

 ҚР Ұлттық кітапханасындағы Ресей кітап бұрышына Ресейдің тарихы мен мәдениеті туралы, білімнің түрлі салалары бойынша көркем, ғылыми әдебиеттер, филология, әдебиеттану бойынша 69 кітап сыйға тартылды.

 Олардың ішінде: «Мир глазами россиян» («Юго-Восточная Азия», «По островам Малайского архипелага», «Тропическая Голландия») кітаптар сериясы; «Гении земли русской» кітаптар сериясы, 4 томдық; Сергей Довлатов, 5 томдық жинақ; «Газели Хафиза», 2 томдық; Федорченко В.И. «Сенаторы Российской империи. Энциклопедия биографий», 2 томдық; Михалева - Эгер К. «350 лет современной моды или Социальная история одного обыденного явления»; «От «Спутника» до «Глонасса» энциклопедиясы; «Русская классика в советском кино»;  «Золотая коллекция Музея кино» және т.б.

Бағдарламада Наталия Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының бас режиссері Ирина Симонова сөз сөйледі. Ол «Руслан мен Людмила» спектакліндегі жұмысы туралы өз әсерімен бөлісті. Театр әртістері спектакльден қойылым ұсынып, Абай шығармаларынан өлеңдер оқыды.

Әлем әдебиеті қызметінің жас мамандары Абайдың өлеңдерін әлемнің 5 тілінде оқыды.  9 сынып оқушысы Рысқұл Қайсар домбырада Абай Құнанбаевтың «Май түні» шығармасын орындады. Никольск мектебінің тәрбиеленушілері «Душа в заветной лире» әдеби-музыкалық композициясын орындады. «Қазақстандық Пушкиниаданың» екінші маусымының ашылуына орай жалау Қазақстанның түрлі жерлерде болып жатқан шығармашылық фестивальді қолдайтын жанкүйерлерге берілді.

Барлық қонақтар жаңа әдебиеттерді көруге шақырылды.

2401 1   2401 2   2401 3   2401 4
2401 5   2401 8   2401 7   2401 6