+7 (727) 267-28-83

Абай ақпарат айдынында

Мерзімді басылымдар оқу залында қазақтың ұлы ақыны, ағартушы-философ Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай «Абай ақпарат айдында» атты көрме ұйымдастырылды.

Абай Құнанбаев – ағартушы, ойшыл, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы және оның тұңғыш классигі. Орыс, араб, парсы және т.б. тілдерді меңгерген.

Ол шығыс классиктері Низамидің, Саадидің, сондай-ақ орыс және  Батыс Еуропа ақындары Пушкин, Гете, Байрон және басқа да ұлы ақындардың таңдаулы шығармаларын оқыды, олардың гуманистік көзқарастары оның дүниетанымының қалыптасуына ықпалын тигізді.

1887 жылы «Масғұд» және «Ескендір» поэмаларын жазды.  1918 жылы «Абай» журналында алғаш жарияланған «Қара сөздер» – «Ғақлия» еңбегі 1890-1898 жылдары көркем проза мен қоғамдық ойдың дамуына елеулі үлес қосты.

Абай – қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Ол салған дәстүрлер қазақ ақындары мен прозаиктері жаңа буындарының шығармаларында жалғасын табуда. Қазақ әдебиеттануында Абайтану бағыты сәтті дамып келеді.

Қазақстан қалаларының орталық даңғылдары, театрлар мен университеттер ақынның есімімен аталады. Семейде Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық мұражай-қорығы ашылды.

ЮНЕСКО 1995 жылды Абай жылы деп жариялады. 2006 жылы Мәскеуде Чистопруд бульварында Абайдың ескерткіші ашылды. 2014 жылы Пекиндегі «Чаоян» саябағында Абай ескерткіші ашылды. 2016 жылы Қазақстанның Мысырдағы Елшілігінің қолдауымен Каирдегі ең әдемі «Азаттық және Достық»  орталық саябағында Абай мүсіні қойылды. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы халықаралық деңгейде және ЮНЕСКО шеңберінде аталып өтті.

1993 жылдан бастап Қазақстанда ақынның туған күніне орай «Абай оқулары» өткізіліп келеді. Семейдегі Абайдың өзі оқырман болған облыстық кітапхана (1883 жылы құрылған)  ақынның есімімен аталады.

Көрменің мақсаты - Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау.

Көрме үш бөлімнен тұрады. «Абай әлемі» атты бірінші бөлімде ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған газет-журналдардағы мақалалар қойылған. Мысалы: «Абайдың өмірі мен шығармашылығы жайындағы тарихи хронологиялық көрсеткіш пен жеке зерттеулер» // Семей таңы.- 2005.- 12 тамыз.- 3 б., 19 тамыз.- 14 б., «Абайдың өмірі әлемге өнеге»/ О.Дөңқабақ // Дала мен қала.- 2009.- 1 маусым.- 11 б., Абайдың өмірі мен Абай туралы жазылған еңбектер/  Жұмалиев Қ. Абай институтының хабаршысы.- 2012.- №5.- 22-26 б. Абайдың өмірі мен шығармашылығы/ Ш. Саламатова// Қазақ тілі мен әдебиеті.-2010.-№1.- 76-81 б. және т.б.

«Естеліктер мен зерттеулер» атты екінші бөлімде Абай және оның шығармашылығы туралы естеліктер, зерттеулер және ғылыми еңбектері: Абай туралы айшықты ойлар: [Әуезов М., Байтұрсынов А., Дулатов М., Майор Ф., Ахмед Х., Ысмағұлов Ж]//Ақиқат.-1995.-№8.-6 б.,  Көбдікұлы Т. Абай туралы естелік/ Т. Көбдікұлы// Жалын.-1970.-№5.-115-118 б., Абай туралы естеліктерден //Ертіс.- 1965.- 10 август., Әбдікұлы Т. Абай туралы сөз /Т. Әбдікұлы // Қазақстан – Zaman.- 2009.- 2009.- 6 тамыз.-10 б. және т.б. қойылған

«Абайдың қара сөздері»  атты қорытынды бөлімінде ағартушының «Қара сөздері»  философиялық еңбегі туралы материал жинақталған.   Олар : Абайдың қара сөздері //Евразия-kz.- 2007.- 28 қыркүйек.-11 б., Абайдың қара сөздері //Класс Time.- 2012.- 19 желтоқсан.-16 б., Абайдың қара сөздеріндегі рухани, елдік мәселелер/ И. Ешенова //Қазақстан мектебі.- 2014.- №4.- 16-19 б. және т.б.

Көрмеге ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан 100-ге жуық газет және журналдардағы белгілі жазушылар мен журналистердің, ғалыми қызметкерлер, әдебиеттанушылар мен қоғамдық–саяси қайраткерлердің мақалалары ұсынылған.

Көрмеге шақырамыз!