2024 жылғы 21 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы Әдебиет академиясы залында жас жазушы Жұлдыз Жұмақанқызының «Емілден Есілге дейін...» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Жұлдыз Жұмақанқызы Қытай Халық Республикасы, Дөрбілжін ауданында дүниеге келген. 2006 жылы еліне оралып, шығармашылығын шыңдап келеді. Кітапты «Емілден Есілге дейін...» деп атауының өзіндік себебі бар. Еміл – өзі туып-өскен өңірдегі өзен атауы болса, қазіргі уақытта Астана қаласы Есіл жағалауында өмір сүріп жатыр.
Іс-шараның мақсаты: Жас авторларға қолдау көрсету және шығармашылығымен таныстыру.
Сонымен қатар, белгілі ақын-жазушылар сөз сөйледі: Болат Бопай, Ермұрат Әбікен, Мұрат Шаймардан, туыстары, журналистер және т.б.
Іс-шараның модераторы – журналист, «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторының орынбасары Естай Божан.
Іс-шараға журналистер, ақын-жазушылар, студенттер, оқырмандар және т.б. қатысты.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |