+7 (727) 267-28-83

80 победа жеңіс

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Р. Бердіғалиева атындағы Кітапханатану залында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлттық кітапхана соғыс жылдарында» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды

Көрменің мақсаты – Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Ұлттық кітапхананың атқарған қызметі туралы мағлұмат беру. Отан үшін күрескен ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды ұрпақ жадында сақтау.

Көрмеге 15 библиографиялық көрсеткіш, 18 кітап, 12 журнал, 22 сурет, хаттар және тағы басқа ақпараттық материалдар қойылған.

Ұлы Отан соғысы жылдарында кітапхана майданға барынша көмектесті: госпиталдар мен әскери шақырту пункттерінде бұқаралық іс-шаралармен қамтып, өндірістік кәсіпорындағы мамандарға қызмет көрсетті.

Көрмеге Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапхана мұражайының материалдары: өз еркімен соғысқа аттанған кітапханашылар туралы мәліметтер, 1940-1950 жылдардағы Қазақ ССР Мемлекеттік кітапханасы қызметкерлері мен оқырмандарының суреттері, 1943 жылғы кітапхана есебі мен 1945 жылғы қызметкерлер саны туралы ақпараттар қойылған. Сонымен қатар 1942 жылы «За Родину» газеті ұжымының кітапхана ұжымына жолдаған майданнан келген хаттары оқырман назарына ұсынылды.

Ұлттық кітапхана қорынан Даулетова Н.К., Шмелева Е.Н. «История становления и развития библиотечного дела в Казахстане», «Библиотечное дело в Казахстане 1918-1945», Бердигалиева Р.А. «Становление Национальной библиотеки Республики Казахстан и развитие исторических исследований 1931-1945 гг.» еңбектері, «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында», «Шығыстың қос шынары» библиографиялық көрсеткіштері мен Отан үшін от кешкен Қазақстандықтардың ерлігін насихаттауға арналған әдістемелік құралдар және БАҚ беттерінде жарияланған  мақалалар қойылды.

Көрме жыл соңына дейін жалғасады.