+7 (727) 267-28-83

Жұмысшы мамандықтар жылыМерзімді басылымдар оқу залында Қазақстандағы жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Еңбек түбі береке» атты көрме ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаевтың Жарлығына сәйкес 2025 жыл елімізде еңбекқорлық пен кәсіпқойлық идеяларын ілгерілету жылы ретінде Жұмысшы мамандығы жылы болып жарияланды. Мемлекет басшысы атап өткендей: «Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Сондықтан инженерлерге, геологтарға, кен орнын игеруші мамандарға, ауыл шаруашылығы, көлік және су саласының қызметкерлеріне, ғалымдар мен өнертапқыштарға берілетін құрметті атақтар мемлекеттік марапаттар санатына қосылады».

Көрменің мақсаты - Еңбек адамының мәртебесін көтеру және қоғамда жұмысшы мамандықтарын насихаттау.

Көрме үш бөлімнен тұрады:

Бірінші бөлімінде «Еңбек адамы – ел тірегі» барлық саладағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар, заңдар және жұмысшылардың құқықтарын қорғау бойынша материалдар ұсынылған.

«Жұмыстың көзін тапқан байлықтың өзін табады»  тақырыбындағы екінші бөлімінде еліміздің түрлі жұмысшы мамандықтары туралы материалдар орналасқан.

Қорытынды «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» бөлімінде өз еңбегімен ел игілігі үшін үлгі болған танымал еңбек адамдары туралы материалдар ұсынылған.

Көрмеге Қазақстан  Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан жүзден астам газет-журналдар қойылды.

Көрмеге шақырамыз!